Университеттің бұрынғы ректоры Айқан Айқанов 2016 жылы қайтыс болған еді.
«Өткен айдағы комиссия отырысында төрт үміткер есімі қаралды. Олардың екеуі Премьер-Министрдің төрағалығымен іріктеуден өтеді. Одан кейін бұл кандидаттар Президентке ұсынылып, шешім шығарылады», - деді министр.
ҚазҰМУ ректоры лауазымына төрт профессордың кандидатурасы қаралуда. Олар - Мырзакәрім Алшынбаев, Болатбек Баймаханов, Ғалымжан Тоғызбаев, Талғат Нұрғожин.
Өз кезегінде министр аталған мәселе бойынша 1-2 ай ішінде шешім шығарылатындығын айтты.