ҚазҰӨУ «Жас қанат 2014» байқауына қатысушыларға есігін айқара ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жас қанат 2014» байқауына қатысушылар жастардың арманындағы ЖОО Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде болды, деп хабарланды «Жас қанат 2014» баспасөз орталығынан.

Үміткерлердің бірі Нұрсұлтан Қарабалиев үшін бұл екінші үйі іспетті. Өйткені ол бұл оқу ордасында білім нәрімен сусындауда.

Университет басшылығы дарынды қонақтарына шағын экскурсия ұйымдастырыпты. «Жас қанат 2014» байқауында бағын сынағалы келгендерді, әсіресе, оқыту үрдісі: музыканттар мен бишілердің дайындықтары, көрме галереясы, жас суретші-мүсіншілердің дәрісі қызықтырды. Өнерлі жастар адам клондары туралы заманауи фантастикалық кино түсіріліп жатқан түсіру алаңында бөгеліңкіреп қалды. Экскурсия аяқталған соң Университет ұжымы байқау қатысушыларына естелік сыйлықтарын тарту етіп, сәттілік тіледі, делінген хабарламада.

Жауапты сын алдында қобалжып жүрген өнерлі жастар бұл шарадан ерекше әсер алды.