деп хабарлайды ҚазАқпарат
Шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар, қала жұртшылығы қатысып, запастағы офицерлерді құттықтады. Шара соңында гвардияшылардың сапта жүру, қару ұстау, қолма-қол айқас түрлерінен көріністер көрсетіледі. Әр алуан спорттық шаралар өткізіледі.
Сондай-ақ үздік ұстаздар мен курсанттарға мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Әскери каферда өкілдерінің айтуынша, жас түлектердің бірқатары лейтенант шенінде келісім-шарт негізінде әскери құрамдарға жұмысқа аттанбақ. Олардың айтуынша, ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасын бітірушілер арасында әскери салаға бет бұрғандар саны елімізде әскери емес жоғары оқу орындары түлектері арасында ең жоғары болып отыр.