деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Университетте ғылыми-техникалық салалардың мектебі жыл сайын дамып келеді, соның ішінде сәулет пен құрылыс. Соңғы жылдары ҚазҰТУ-ді жыл сайын 120-ға жуық сәулетші, 200-ден астам құрылысшы бітіреді. Мұның бәрі құрылыс пен сәулет ғылымының басы-қасында жүрген Төлеу Бәсенов пен Малбағар Меңдіқұлов сияқты тұлғалардың арқасы. Биыл олардың туғанына 100 жыл толады, бұл оқу орнымыздың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр», дейді университет ректоры Жексенбек Әділов.
Т. Бәсенов - алғашқы қазақ сәулетшісі, сәулет мектебінің негізін салушылардың бірі, Сәулетшілер одағы мен республикамыздағы сәулет факультетінің ұйымдастырушысы және сәулет саласының алғашқы педагог-ғалымы.
М.Меңдіқұлов - сәулет саласындағы қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаты, кәсіби сәулетші, ұлттық сәулет негізін қалаушылардың бірі.