деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сессия жұмысына ҚР ҰҒА президенті, академик М. Жұрынов, Жер туралы бөлімнің мүшелері, геология, тау-кен ісі, металлургия, геофизика, сейсмология мен география саласы бойынша жетекші ғалымдар және Алматы қаласындағы техникалық оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Мәжілісті университет ректоры Жексенбек Әділов ашты. Ол өз сөзінде: «Биыл техникалық білім мен ғылымның көшбасшысы - Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылғанына 75 жыл толған мерейлі жыл. ҚазҰТУ - бұл университет түлектерінің қажырлы еңбегімен жасалған қазақстандық айрықша белгі және бренд. Университетіміздің дипломы дүниежүзіне танылып қана қоймай, сенімді құжат ретінде қызмет етеді. Біздің түлектеріміз еліміздің өндірісі мен экономикасының кадрлық негізін құрап отыр, сонымен қатар дүниежүзінің көптеген елдерінде еңбек етіп жүр», деді. Сондай-ақ ол ҚазҰТУ-дың тарихы, елімізге инженер, ғылыми кадрларды әзірлеу барысы жайында және алдағы уақыттағы университеттің дамуы туралы әңгімеледі.