Егемен еліміздің кемел келешегіне үлес қосар білікті де білімді мамандар даярлауда. Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Шекарасыз ғылым мен инженерлік білім» халықаралық форумында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті оқытушылар, қонақтар барлықтарыңызды оқу орындарының көшбасшысы, ұлттық мәртебеге ие Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Аталмыш оқу ордасы егемен еліміздің келешегіне білікті де білімді мамандар даярлауда. Сонау 1934 жылы алғаш іргетасын көтерген кезден бастап әсем қаламыз Алматымен бірге өсіп-өркендеп келеді. Осылайша бүгінде білім мен ғылымның ордасына, ғылымның киелі шаңырағына айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің, қаламыздың гүлденуіне осы қара шаңырақтан қанат қағып шыққан құрылысшы, сәулетші мамандарымыздың әр жылдардағы қосқан үлестері орасан зор. Сондықтан да бүгінгі мереке күні қала басшысы ретінде сіздерге өзімнің ризашылығым мен алғысымды айтқым келеді», деді ол.