Отырыста ҚР Президентінің университет ректоры Жексенбек Әділовпен кездесуінде алға қойылған міндеттер талқыланды. Атап айтқанда, елдегі жоғары инженерлік білім мен ғылымның сапасын арттыру, инновациялық зерттеулерді дамыту, ғылыми-зерттеу қызметіне жас ғалымдарды тарту мәселелері қозғалды.
Талқылау қорытындысымен осы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттің қол жеткізген зор табыстарын атап өтті. Ғылыми кеңестің бірауыздан шешімімен Мемлекет басшысына алдағы 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін кезектен тыс сайлауда ҚР Президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынуы жөнінде өтініш жасалған үндеу қабылданды.