деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тәжірибе «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткізілген. Тәжірибе жұмыстары студенттер мен магистранттардың қатысуымен Кіші Қаратау және Теңіз кен орнында өткізілген. Оған ҚазҰТУ тарапынан 13 студент пен 5 оқытушы, Коларадо тау-кен мектебінен 10 студент пен магистрант қатысқан. Олардың ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 2 жерлесіміз бар.
Коларадо тау-кен мектебінің геология және геологиялық инженерия факультетінің деканы Джон Хамридің айтуынша, бұл тәжірибе студенттерге үлкен сабақ болған. ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділовтың айтуынша, әлемдік оқу орындарымен бірлескен тәжірибе өткізу жақсы нәтиже береді. «Сондықтан бұл дәстүрге айналуы керек»,- деді Ж.Әділов.