Салтанатты мерекеге Қаныш Сәтпаевтың туыстары, университет қызметкерлері мен шәкірттері және ғалымның замандастары, сондай-ақ, бірге жұмыс істеген қызметтес достары қатысты. Аталған адамдардың қатысуымен Сәтпаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Сондай-ақ жыл сайын дәстүрлі түрде қомақты ғылыми жетістіктері үшін берілетін Қаныш Сәтпаев атындағы сыйлық биылғы жылғы иегеріне салтанатты түрде тапсырылды. Оны техника ғылымдарының докторы, профессор Мырзахметов Меңлібай Мырзахметұлы жеңіп алды.
Мереке аясында, университеттің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, профессор Ұлықпан Сыдықов университет ректорының кубогі үшін өткен «Салауатты жас - салауатты қоғам» атты спорттық спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттады.
Аталмыш шара соңы оқу орнының өнерпаз жастарының ән-күйімен жалғасты.