деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ортақ мерекеміз бәрімізге құтты болсын. Мен үшін журналистермен әр кездесу үлкен емтихан. Журналистердің қоғамда алатын рөлі ерекше. Елімізде болып жатқан жағдайлар көбіне сіздердің көзқарастарыңызға, ұстанымдарыңызға байланысты. Өйткені халық бәрін сіздер арқылы біледі. Қазақстан Журналистер одағы біздің білім ордасының журналистика факультеті деп санаймын. Біздің жетістігіміз, сіздердің жарияланымдарыңызға байланысты. Мерейтой барысында бұқаралық ақпарат құралдарында ҚазҰУ туралы 1770 бағдарламалар мен мақалалар жариялаған сіздерге алғысымды білдіремін», деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов. Оның айтуынша, байқауға 100-ден астам өтініштер келіп түскен.
Арнайы дипломдармен және сыйлықтармен «Хабар» агенттігі, «31 канал», «КТК», «Алматы», «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы, «7 канал», «Caspionet», «Түркістан», «Страна и мир», «Приуралье», «International Journalism Network for week» (Вашингтон), «Central Asia Monitor», «Тенгри», «Советник» (Ресей), «Новое поколение», «Вечерний Алматы», «Айқын», «Литер», «Огни Алатау», «Жетісу», «Деловой Казахстан», «Экспресс К», «Альянс KZ», «Панорама», «Қазақ әдебиеті», «Дала мен қала», «Алматы ақшамы» редакцияларының ұжымдары, журнал және газет журналистері марапатталды.
Қазақстан Журналистика академиясының президенті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағынбай Қозыбаевқа «Қазақстанның құрметті журналисі» медалі табысталды.