Аудитория телеарнаның 15 жылдық мерейтойына орайластырылып ашылып отыр.
«Біз ынтымақтастық әрі сенімді байланыс орнату мақсатымен БАҚ-қа арналған аудиториялар ашуды қолға алып отырмыз. Факультет оқытушылары бұл бастаманы қолдап отыр. Ашылып отырған бұл аудитория арқылы студенттеріміз шығармашылық шеберліктерін шыңдайтын болады», деді факультет деканы Ғалия Ибраева.
Бүгінде факультетте 600 болашақ журналист білім алып жатыр. Олар үшін факультетте университет көлемінде тарайтын заманауи телерадиостудия жұмыс істеуде. Деканның айтуынша, алдағы уақытта «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» аудиториларын ашу жоспарланған.