ҚазҰУ-да осыдан 30 жыл бұрын бітірген заңгерлер бас қосты

МАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінен осыдан 30 жыл бұрын түлеп ұшқан, бүгінгі заң саласындағы белгілі тұлғалардың кездесуі өтті.

Кездесуді қазіргі заң факультетінің деканы Дәулет Байділдинов бастап, барша жиналған курстас достарды басқосуға арнайы келгендеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ, сол кездегі ұстаздары, (қазірде ҚазҰУ-дың құрметті профессоры) Сұлтан Сартаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унивеситетінің ректоры Әбдіманап Бектұрғанов, ҚазҰУ ректор аппаратының жетекшісі Қайрат Жүсіповтер және т.б. сөз берілді.

«30 жылдан соң университет қабырғасында жиналып отырған жиындарыңызбен құттықтаймын. Бірге оқыған адамдар, жүздесіп, арнайы кездесіп тұрған да жақсы. Бізде де осындай кездесулер болатын. Сіздер алғашқы жаңа өсіп келе жатқан өсімдік сияқты едіңіздер, енді міне, өмірде өз орындарыңызды тауып, мақсаттарыңызға жетіп, бала тәрбиелеп отырған ата-анасыздар. Сіздер өсіңіздер, өніңіздер, артта келе жатқан жастар сіздерге қарап бой түзесін», - деп, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, Сұлтан Сартаев өзінің шәкірттерін көріп, шын көңілден ақ тілектерін айтып, сағынышын білдіріп, сөз арасында өлең шумақтарымен өз ойын, ақыл, кеңесін білдіріп жатты.

1981 жылы жас маман атанған түлектер, бүгін салмақты, салиқалы заңгер-мамандар. Бұл кездесу курстастардың өзара құрмет, сыйластығының көрінісі. Осы дәстүр келер ұрпаққа да үлгі болмақ.