ҚазҰУ-да Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мерекелік басқосуға Ұлы Отан соғысының, еңбек майданының ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль АЭС-дағы апатты залалсыздандыруға атсалысқан жандар қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Студенттер сарайының алдындағы көгалда орналасқан әскери шатырларда ардагерлерге арналып дастархан жайылды, әскери үрмелі оркестрдің орындауында майдан әндері шырқалды.Қонақтарды Жеңіс күнімен ҚазҰУ ректоры академик Бақытжан Жұмағұлов, университет оқытушылары мен студенттер құттықтады. Сондай-ақ ардагерлерге университет атынан гүл шоқтары ұсынылып, естелік сыйлықтар мен материалдық жәрдем табыс етілді.