ҚазҰУ-де аруларға арнап мерекелік кеш өткізілді

АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдері күні мерекесіне арналған кеш өтті.

Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ұйымдастырылған кештің көркін бұл жолы арнайы сахна саңлақтары емес, университеттегі оқытушы-профессорлар құрамы, проректорлар, ректорат қызметкерлері, бөлім бастықтары, факультеттегі декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары арасындағы ерлер тобы келтірді.

Ардақты апа, аяулы ана, сүйікті қарындас мерекесіне арнап тек ер-азаматтарымыздың өнер көрсетуі ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет ректор Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен жүзеге асып отыр.