деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ айтулы ғалымның мерейтойына арналған «Жоғары білім берудің қазіргі мәселелері: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы да өткізілмек.
Төлеген Тәжібаев - өзінің қысқа ғұмырында жоғары оқу орнының қатардағы доцентінен халық ағарту комиссары, Қазақ КСР Мәдениет, Сыртқы істер министрі қызметіне дейін көтерілген айтулы тұлға. Қазақстанда педагогика мен психология саласы теориясының дамуына қосқан үлесі баға жетпес, ғылыми еңбектері жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулерде бүгінге дейін оқу құралдардың қосымшасы түрінде қолданып келеді. Т. Тәжібаев мемлекеттің жетекші жоғары оқу орны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дамуына үлес қосқан. Алғашқылардың бірі болып университет факультеттерінде қазақ бөлімдерінің ашылуына жағдай жасаған тұлғалардың бірі.