ҚазҰУ-де оқытушы-профессорлар құрамының 40-шы ғылыми-әдістемелік конференциясы басталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат -Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары білім беру - интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың стратегиялық ресурстары» атты оқытушы-профессорлар құрамының 40-шы ғылыми-әдістемелік конференциясы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция Елбасының жоғары оқу орындарының алдына қойған міндеттерді шешуде университет оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін танымал етуге және жариялауға бағытталған. Пленарлық мәжілісте ҚазҰУ мен шет елдік жоғары оқу орындарының беделді ғалым-профессорлары: Б. Нұржанов, Ж. Дәдебаев Элия Ромамонджису, Н. Нұрахметов және т.б. баяндама оқиды.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстанның Болон үдерісіне енуі мен кредиттік білім беру жүйесіне байланысты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер өткізілуде.