1500 оқытушы қатысатын бұл мәжілісті өткізу университет үшін өте маңызды, осы мәжіліске биыл алғаш рет мектеп директорлары, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы қаласы аудан әкімдері қатысады деп күтілуде.
ЖОО-ын басқаруда жаңа шешімдерді талап ететін, Мемлекет басшысы қойып отырған бiлiм жүйесін жаңғырту міндеттері ең бірінші кезекте тұр. Осыған орай, жиналыста университеттің барлық қызметін қамтыған ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне айналуы турасындағы сұрақтар қаралмақ.
ҚазҰУ жаңа оқу жылын басқарудың жаңа үлгісімен бастамақ. Бұл үлгі оқу орнының әлемдік зерттеу университеттері қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда факультеттер кластерлік жолға қою негізінде құрылған, тек атауы ғана өзгеріп қана қоймай, олардың ғылыми және білім кеңістігі артуда.
Мысалы, химия факультеті қазір «Химия және химиялық технологиялар», Физика факультеті - «Физика-техникалық», биология факультеті - «Биология және биотехнология», тарих факультеті - «Тарих, археология және этнография», филология факультеті - «Филология, әдебиеттану және әлем тілдері» және т.б.өзгертілді. Сондай-ақ, ЖОО дейінгі дайындық факультеті ашылды. «География және табиғатты пайдалану» факультетінде ресейлік әріптестермен бірлесе отырып, халықаралық деңгейдегі эколог-мамандарды даярлайтын кафедра ашылған.
Модернизациялау жүйесінде кафедралардың біріктірілуі және олардың құқықтарының кеңеюі арқылы жұмыс барысының тиімділігі мен университеттің бәсекеге қабілеттілігі арта түспек.
Кафедра меңгерушілері қызметіне алғаш рет байқау жарияланды. Ізденушілер тек жоғары білікті талапқа сай болып қана қоймай, өзіндік кафедраның жұмысын жақсарту жоспарын да ұсынуы тиіс.
ҚазҰУ-да студенттерге білім беруде модульдік технологиялар ескеріліп, жұмыс берушілер талабына сай дайындалуда. Оқыту жүйесі үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізіледі.
Тамыздық мәжіліске қатысушылар жаңа ҚР «Ғылым туралы» заңындағы 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасын талқылап, оқу-әдістемелік жұмыстар, инновациялық қызмет, жастар саясатындағы әлеуметтік әріптестік мәселелерін қарамақ.