16:59, 20 Ақпан 2009
ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультеті түлектерінің мерейтойлық кездесуі өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 20-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Цезарь» кинотеатрында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті түлектерінің «ҚазҰУ – менің тағдырым» атты мерейтойлық кездесуі өтті.
Мерекелік іс-шара әл-аталмыш оқу орнының 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесуге факультетті әр жылдары тәмамдаған түлектер, студенттер, мектеп оқушылары, танымал ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты. «Бүгінгі күні факультете 157 профессор, доцент және оқытушылар қызмет етеді. Оның ішінде 97 адам ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің түлектері», дейді факультет деканы Зарима Шәукенова.Салтанатты жиын барысында философия және саясаттану факультетінде үзіліссіз 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен оқытушылар марапатталды. Кездесуге орай арнайы «Біздің жастық шағымыз» атты фотоальбом дайындалды. Оқытушылар өздерінің студенттік шақтарындағы ең қызықты кездерін еске алып, естеліктерін ортаға салды.