деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚазҰУ-дің тәрбие ісі және тілдерді дамыту жөніндегі департамент директоры Гүлнәр Сәрсенбекованың айтуынша, университеттің барлық факультеттерінде 2010 жылдың қаңтарынан бастап «Ардагерлерге тағзым» атты әлеуметтік іс-шаралар басталған.
«Осы іс-шаралар аясында студенттер өз факультеттерінде Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған дөңгелек үстелдер, ардагерлермен кездесулер, отырыстар мен ардагерлер үйлерінде қайырымдылық концерттерін ұйымдастырған еді. Ал бүгін ата рухына тағзым ету үшін осы саябақта дәстүрлі сенбілік ұйымдастырып отырмыз. Шараның негізгі мақсаты - ата-бабамыздың жақсы істерін ұмытпай, оны алдарына идеал ретінде қоя білу. Сондай-ақ бүгінгі барды бағалай білетіндігімізді көрсету», дейді Г.Сәрсенбекова.
Сенбілік аясында студенттер саябақты, ескерткіштер, мәңгілік алау сияқты басқа да нысандарды тазалау жұмыстарын жүргізді.