Аталмыш шара аясында оқу орнының түлектері өздерінің авторлық басылымдарын не болмаса үйіндегі кітаптарын университет кітапханасының қорына өткізе алады. Кітаптарды қабылдау математика факультеті мен оқу орнының кітапханасында жүргізілетін болады.
Аталмыш шарана ұйымдастырушылар кітаптың тізімін жасап, өзі туралы мағлұматтарды, қай жылы, қандай факультетті бітіргендігін, байланыс телефондарын жазуды сұрайды.
Акцияның алғашқы нәтижесі қараша айының 19-ы күні шығады. Оның жұмысын университет түлектерінің қауымдастығы бақылап отыратын болады.