деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара шомылу маусымының ресми ашылуымен басталып, сахналық көріністер қойылды. Сондай-ақ университеттің «Фараби сазы» оркестрі, «Бақыт» би тобы сынды көркемөнерпаздар үйірмесі концерттік бағдарламасын ұсынып, «Сенсация» және «ҚазҰУ құрамасы» тобы қалжыңмен әрлеп отырды. ҚазҰУ қонағы елордадан келген Еуразия ұлттық университетінің Көңілділер мен тапқырлар клубы Ыстықкөлде туған әзілдерін айтып, демалушылардың көңілін көтерді. Мерекелік шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры З.Мансұров қатысып, ректордың сәлемін жолдады. ҚазҰУ-дың «Парасат» кәсіподағы, Студенттер клубы, «Сұңқар» студенттер ұйымы бірігіп ұйымдастырған демалысқа жалпы университет ұжымынан 150-дей адам жиылды. Оның жартысын үздік оқитын және белсенді студенттер құрайды.
15:57, 20 Шілде 2009
ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған «Нептун күні» мерекесі өтті
АТЫ. Шілденің 20-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына орай Ыстықкөлдегі университеттің спорттық сауықтыру лагерінде «Нептун күні» мерекесі ұйымдастырылды,