Оған жоғары оқу орны тарапынан Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Евгений Ан, қаржы инстиуты жағынан Басқарма төрағасының орынбасары Әділхан Оңғарбаев қол қойды. Банк жетекшісі білім ордасымен арадағы өзара әріптестік байланыстың жоғары деңгейде қалыптасқандығын айтып, ҚазҰУ-дің үздік оқытушыларына қаржы институты тарапынан тағайындалатын шәкіртақылар санын көбейте түсетіндігін жеткізді. Сонымен бірге жеңілдетілген баға, тиімді кешенді қамтитын «Жеңілдетілген ипотекалық несие» жобасының сәтті жүзеге асуына үлкен үміт артып отырғандарын жеткізді.
10:32, 21 Қаңтар 2012
ҚазҰУ мен «БТА» банк арасындағы «Жеңілдетілген ипотекалық несие» жобасы мақұлданды
АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «БТА Банк» АҚ арасындағы «Жеңілдетілген иппотекалық несие» жобасы мақұлданды.