Оны Алматы қаласы әкімдігі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі комиссияның қолдауымен университет мұражайы осы жоғары оқу орнының әскери кафедрасымен бірлесе ұйымдастырып отыр. Жүздесуге ҰОС ардагері, панфиловшы-жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, полковник Григорий Маркович Визиряко қатысты.
Осыдан 65 жыл бұрын, 1941 жылдың қазан айының ортасында Волоколамск тас жолында ауыр шайқас болды. 16 қазанда генерал И. В. Панфилов дивизиясы, политрук В. Г. Клочков бастаған 28 жауынгер Дубосеково разъезінде неміс басқыншыларының танкісіне қарсы тұрды.
Дубосеково разъезіндегі шайқас 28 панфиловшылардың асқан ерлігі ретінде мәңгі тарих парақтарына жазылды. Олардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.