16:41, 15 Маусым 2009
ҚазҰУ ректоры «Алтын қанат» құрмет белгісімен марапатталды
АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық Қазақ-Орыс университетінің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың әл- Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры, профессор Бақытжан Жұмағұлов «Алтын қанат» құрмет белгісімен марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл құрмет белгісі 1998 жылдан бастап университет Сенатының шешімімен тапсырылады. Ол білім беру саласына айтарлықтай еңбек сіңірген белгілі саясаткерлерге, ғалымдарға, шығармашылық өкілдеріне беріледі. Халықаралық Қазақ-Орыс университетінің президенті, профессор Б. Бердімұратовтың атынан келіп түскен құттықтау хатта академик Б. Жұмағұлов «Алтын қанат» құрмет белгісінің екінші иегері екендігі айтылған. ҚазҰУ ректоры оны мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына, реформаларды жүзеге асыруға, Қазақстан экономикасын өзгерту және тұрақтандыруға, сондай-ақ жаңа ұрпақтың азаматтық және саяси ағарту жұмысына қосқан зор үлесі үшін марапатталып отыр.