ҚазҰУ студенттері мен ұстаздары Қызылағаш апатында зардап шеккендерге көмек қолын созды

АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағының 150 ерікті студенттері су тасқынынан зардап шеккен Алматы облысындағы Қызылағаш ауылы тұрғындарының баспаналарын тұрғызуға көмек көрсетеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға орын алғанын ести сала ҚазҰУ студенттерінің басын біріктерген Студентер сенаты ұйымы университетте арнайы штаб құрып, келесі күні жапа шеккендерге арналған көмек көрсету орталығына айналдырған. Экономика және бизнес факультетінде орналасқан штабқа студенттер киім-кешек, азық-түлік әкеліп өз үлестерін қосқан. Көмек көрсетуге жиналып жатқан заттарға бірнеше күн болды. Алғашқы көмек автобуспен жіберілген. Бұнымен қатар Университеттің қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын аудармақшы.