Бүгінде қауіпсіз жерге көшірілгендер туған-туыстарының үйлеріне жайғасқан. Оларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тиісті көмектер көрсетіліп жатыр. Жедел ұйымдастыру шараларының нәтижесінде Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтеріндегі 6 үйдің ауласынан су тарту мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған. Қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, 13 мамыр күні Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтерінде үйлердің ауласына жаңбыр суы жиналған болатын. Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері шығып, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсете білді.