Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай кеше түнгі сағат 1:30-да орын алған.
«Қазығұрт АПБ полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі күйеуім асылып қалды деп айқайлап жүгіріп келеді. Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет ету арқылы жіптен ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келгенше алғашқы көмекті көрсеткен. Содан кейін тергеуші болған оқиға туралы АПБ кезекші бөліміне хабарлады» делінген хабарламада.
Қазіргі таңда суицид жасауға әрекеттенген тұрғын аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр. Өз кезегінде полицейлер оның не себепті өмірімен қоштаспақ болғанын анықтауда.