Көптен аңсаған арманы орындалып, баспаналы болғандар ішінде көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер бар. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақ шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.
Жаңа тұрғын үй «Қазығұрт» шағын ауданынан бой көтерген. Төрт бөлмелі баспана су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар. Айта кетерлігі, ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев үйді өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болуына себепкер болып отыр.