18:23, 12 Маусым 2009
Қазыналы қоқыс: Израильде қоқыс арасынан миллион доллар іздестірілуде
ТЕЛЬ-АВИВ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – Тель-Авивтің Анат есімді тұрғыны мен коммуналдық қызмет өкілдері бір миллион доллар қолма-қол ақшаны елдің әр түкпіріндегі Израильдің қоқыс төгетін орындарынан үш күн бойы іздестіруде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Кейуананың қызы оған өзіндік сыйлық жасамақшы болады. Қызы шешесіне сыйлыққа жаңа төсеніш сатып алады, ал ескісін қоқысқа лақтырып тастайды. Бірақ шешесі өмір бойғы жиған байлығын ? бір миллион доллар қолма-қол ақшаны осы төсеніштің ішінде сақтап келіпті.Ақша жасырылған төсеніш қоқыс төгетін орындардан әлі күнге дейін табылған жоқ.