ҚБТУ-дағы өрт. Оқиға орнында жедел штаб құрылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — ТЖМ командалық орталығы өртті сөндіру үшін қызметкерлер мен техниканы көбейтуді тапсырды.
— 2025 жылдың 11 қаңтарында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері өрттің жоғары 3-ші дәрежесі бойынша Қазақ-британ техникалық университетінде жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына объектінің құрылымдық ерекшелігі қиындық тудыруда, нысан 5 қабатты. Қазіргі уақытта 3 автобаспалдақ қолданылды, от әлі оқшауланған жоқ, — деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Чайзада.
Қазір оқиға орнында жедел штаб құрылды. ТЖМ командалық орталығы өртті сөндіру үшін қызметкерлер мен техниканы көбейтуді тапсырды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Алматы ТЖД 78 құтқарушысы мен 28 техникасы жұмылдырылған.
Еске салсақ, қазіргі уақытта Алматыда орналасқан Қазақ-британ техникалық университеті өртеніп жатқанын жазған едік.