ҚБТУ-дағы өрт толығымен сөндірілді

Фото: Фото: Алматы қалалықТЖД

АСТАНА. KAZINFORM — Тілсіз жау 120 шаршы метр алаңды шарпыған, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД.

— ТЖМ күштері өртті 120 ш. м. алаңда толығымен сөндірді.  Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы ҚБТУ ғимараты өртеніп жатқанын хабарладық.

Кейіннен өртке байланысты оқиға орнында жедел штаб құрылғаны белгілі болды.

Бүгін сағат 00.26-да Алматыда ҚБТУ ғимаратында шыққан өрт оқшауланды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, өртті оқшаулау кезінде әкімшілік ғимараттың төбесінен Қазақстанның туы зақымдалмай төменге түсірілген.