Айдос Айткешовты іздеу туралы хабарландыру порталға осыдан 32 күн бұрын жарияланған.
Айткешов Айдос Ернарұлы 2002 жылы 17 наурызда туған. Қазақстан Республикасының азаматы, оны іздеу туралы хабарлама 2023 жылдың 28-ші желтоқсанында тіркелген.
Аталған азаматты іздеуге бастамашы болған Қаржы мониторингі агенттігі, ал Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жүргізеді. (тел. 87172708479).
Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында Kcell компаниясына хабарласқан едік.
«Аталған азамат компанияда 2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 28 ақпан аралығында жұмыс істеді. А. Е. Айткешов алаяқтық әрекеттер жасады және компанияға материалдық залал келтірді деп күдікке ілініп, материал елорданың экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», - деп жауап берді ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі.