Атап айтқанда, бүгін таңертеңнен бері әлеуметтік желілерде Астана тұрғындары Kcell және Activ ұялы байланысы нашарлап, әрең қосылып тұрғаны жайында жазып жатыр.
«Компанияның техникалық бөлімше қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріндегі бірқатар қалада деректерді беру қызметінің нашар істеп тұрғанын анықтады. Қазіргі уақытта компания мамандары сервисті жылдам қалпына келтіру бағытында тиісті жұмысты іске асырып жатыр», - деп жауап берді Kcell баспасөз қызметі.