«ҚДБ ашқан жалпы көлемі 25 млрд. теңгелік несие желісі қазіргі байланыс желілерін айтарлықтай кеңейтуге, сондай-ақ мәліметтер тарату жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Бөлінген қаржы есебінен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның қазіргі қажеттіліктерін ескере келе, 10 965 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі салынып, жаңғыртылады (6 416 км салынады, 4 549 км жаңғыртылады)» делінген хабарламада.
Аталған жоба аясында теміржол көлігі нысандары мен барлық желілік бөлімшелерін қосып, автоматтандырудың және ақпараттандырудың күрделі және көлемді жүйелері енгізіледі.