Қордың 97 пайызы негізгі инвесторы әрі серіктесі Қазақстан даму банкіне тиесілі. Ал 3 пайызы қордың тағы бір серіктесі әрі басқарушысы Қазына капитал менеджменттің үлесінде. Бастапқы капиталы 33,5 млрд теңге.
«Екі даму институттының арасындағы синергия жобаны алғаш тапқаннан бастау алып, кешенді сараптау мен корпоративтік шешімдер қабылдау кезінде де жалғасын табады. Қазақстан даму банкі мен Қазына капитал менеджменттің осы қор аясындағы серіктестігі қосымша қарыз алуға мүмкіндігі жоқ әлеуетті жобаларға private equity құралдарын қолдану арқылы дамуға мүмкіндік береді», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы міндетін атқарушы Айдар Әріпханов.
«Қазақстан даму банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Жәмішев өз кезегінде қорды бастапқы капиталдандыру 33,5 млрд теңгеге дейін жететіндігін айтты.
«Қосымша қаржыландыру тиісті жобалардың пайда болуына байланысты. Қорды кәсіби басқару үшін Қазына капитал менеджментті жұмылдырып отырмыз. Сонда компанияның капиталға кәсіби қатысуы мен корпоративтік басқару жүйесін дамытуға қатысты барлық мәселелері шешімін табады» - деді ол.
Ал «Қазына капитал менеджмент» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Достияров бұл қор компанияның қызметін бақылау үшін құрылмағандығын атап өтті.
«Қор инвестиция ғана ұсынбайды, ҚКМ-тің басқа жобаларының мысалында бизнес процестерді, корпоративтік басқаруды арттыруды, сондай-ақ, компанияның операциондық және қаржылық көрсеткіштерін жетілдіру тәсілдерін көрсетіп, өзінің тәжірбиесімен бөліседі. Бұл бизнестің құндылығын көтеріп, халықаралық инвесторлар үшін компанияның тартымдылығын арттыру үшін қажет», - деді Асқар Достияров.