ҚДБ мен Sinosure құны $400 млн. қазақстандық-қытайлық жобалар аясында келісімшарттарды сақтандыруға уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан даму банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) China Expor&Credit Insurance Corporation-мен $400 млн-ға дейінгі сомада сақтандыру өтелімі туралы негізгі келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі бүгін Бейжіңде ҚХР-ға ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтің ресми сапары аясында өтті. ҚДБ тарапынан келісімге банк басқармасының төрағасы Болат Жәмішев пен Sinosure компаниясының президенті Луо Хи қол қойды, деп хабарлады ҚДБ баспасөз қызметінен.

Құжатта Sinosure тарапынан Қазақстанға Қытайда жасалған машина жасау бұйымдары, электротехникалық бұйымдар, жабдықтар жеткізуге сақтандыру өтелімін ұсыну көзделді.

Бұдан басқа, тараптар түрлі салада, оның ішінде Қазақстан мен Қытай компаниялары арасында экспорттық-импорттық операцияларды қаржылай қолдау арқылы стратегиялық әріптестікті дамытуға уағдаласты.