«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат алатын заемшылар қатарында Қазақстанның Даму Банкі де бар. Біз БЖЗҚ-нан алуды жоспарлап отырған 65 млрд теңге, бұл - өте қомақты қаражат. Дегенмен, банкте бар ресурстарды есептей келе, бұл қаражатты құрылымдайтын боламыз. Осылайша, алдағы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша біз портфельді тиісті деңгейде ұстай аламыз деп ойлаймын», - деді Б.Жәмішев.
Оның айтуынша, Қордан бөлінетін 65 млрд теңге облигациялық бағдарлама арқылы тартылады. «Мен бұл ұзақмерзімді заем болады деп ойлаймын. Ставкасы нарықтық деңгейді қамтиды. Бүгінгі жағдайда бұл аса қажетті қаражат», - деді Банк төрағасы.