Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткізген кеңесінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осылай деді.
Оның атап өтуінше, 8 жыл бұрын кеденге заңнамамен жедел іздестіру өкілеттігі берілген. «Уақыт Кеден комитетінің бұрынғы және қазіргі басшылығы бұл жұмыстарды сәтсіздікке ұшыратқанын көрсетті», - деді ол.
Бас прокурордың алға тартқан деректеріне қарағанда, өткен жылы шамамен 20 арнайы іс-шара жүргізілген. «Дәл осымен кеден қызметкерлерін ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерімен біте қайнасып кеткендігін түсіндіруге болады. Оған «Қорғас» кедені де айқын дәлел»,- деді А.Дауылбаев.