Кеден қоймаларындағы қымбат көліктер мен ұшақтар сатылмай тұр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы кеден қоймаларында бірқатар автокөлік пен ұшу аппараты «тұрып қалған», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұсталған тауарларды өткізуге жауапты әрі активтерді оңалтубойынша компаниялар тауарлардың құнын айқындай алмай жатады. Осыған байланыстыкейбір тауарлар кеден қоймаларында әлі жатыр», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігініңалдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова ведомстводан өткен жиында.

Департамент басшысы нақты мысалдарды келтірді.

«Мәселен, Қарағанды облысындағы қоймада 2014 жылдың ақпанайынан бері словениялық өндірістегі үш бірдей ұшатын аппарат тұр. Аталғантауардың бес жыл бойы тұрып қалуына бағасының айқындалмауы себеп болған.Себебі, нарықта оған ұқсас тауар жоқтың қасы», - деді ол.

Сол секілді басқа кеден қоймаларында бағасын білмеудіңсалдарынан Mercedes Daimler, BMW 740, Toyota Tundra және Nissan Titanавтокөліктері тұрған көрінеді.

«Ұсталған тауарларды пайдалану немесе жоюға келетін болсақ,ол үшін мемлекеттік кірістер органдардарында арнайы комиссия болуы тиіс. Олкомиссия ұсталған тауарларды пайдалану немесе жою мәселесін қарастыруы керек.Мұндай комиссиялар облыстардың көбінде құрылған да жоқ. Ал комиссия бароблыстарда типтік ережелері жоқ, жою тәртіптері ретке келтірілмеген», - дедіАнар Жарова.

Сонымен қатар, департамент басшысы кейбір тауарларды жоюбағытында теория мен практика бір-біріне сәйкесе бермейтінін де жеткізді.

«Іс жүзінде жойылсын деп шешілген тауарлар жойылмайды.Себебі, кеден органдары бұл мақсатта ақша қарастырмайды. Осылайша, ұсталғантауарлардың реті бойынша бекітілген заңды механизмді органдардың өзіұстанбайды. Кеден қоймаларында тауарлардың ұзақ уақыт бойы жата беруі десодан», - деп түйді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес агенттігінің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова еліміздіңкеден саласындағы негізгі жемқорлық тәуекелдерін атаған болатын. Оның айтуынша,тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақталған тауарларды жою бағытында кеденоргандары қызметкерлерінің уақтылы жұмыс жүргізбеуі өзекті мәселеге айналған. Оның айтуынша, кейбір қоймаларда 10 жылдан бері жатқантауарлар бар.

Соңғы жаңалықтар