Бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің өткізу пунктері арасындағы және кеден ісі саласында ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 6-шы отырысында осылай айтылды.
"Кеденшілерге қойылатын талап қатайтылып, жемқорлықпен күрес алдыңғы кезекке шығарылуда. Кеден қызметкерлеріне қатысты қозғалған істердің 75 пайызын, сондай-ақ жемқорлық заң бұзушылықтардың 92 пайызын өзіміз анықтаймыз", дейді ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов. Оның айтуынша, халық сеніміне ие болу үшін олар құқықтық заңбұзушылықтарға барған әріптестерін қатаң жазалауда. Мәселен Кедендік бақылау комитетінде былтыр 959 қылмыстық іс қозғалып, 11 мың әкімшілік материалдар қаралды.