Кеден одағы аясында автокөліктерді кедендік рәсімдеусіз сатып алу шаралары 21 зауытта қарастырылған

None
қпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеден одағы аясында автокөліктерді кедендік рәсімдеусіз сатып алу шаралары 21 зауытта қарастырылған.

Бұл туралы бүгін Астанада онлайн конференция барысында Интернет пайдаланушылардың сауалдарына жауап беру кезінде Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей аумағында шетелдік автокөліктерді, яғни Тойота, БМВ, Ниссан, және басқа да көліктерді жинап шығарытын зауыттардан машинаны Қазақстан азаматтары кедендік рәсімдеусіз сатып алуы мүмкін бе?» деген сауалға Қаржы министрі автокөліктерді рәсімдеусіз алуға болатын айтты.

«Атап айтқанда, кедендік баж салығының төлемі жүргізілмейді. Алайда, Ресей, Беларус, Қазақстан арасында саудада жанама салықтар, қосымша құн салықтары, акциздер іске асырылады»,-деді министр.

Айта кетейік, кедендік рәсімдеусіз сатып алуға болатын үш елдегі 21 автокөлік зауыты кіріп отыр. Оның ішінде 19-ы ресейлік, 1-і Беларус мемлекетінікі, сондай-ақ қалған біреуі Қазақстан зауыты.