Кеден одағы аясында бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйе құрылады

АНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазіргі уақытта Кеден одағы аясында ақпараттық өзара әрекеттесу және статистика саласындағы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе құрылуда.

Бұл туралы елордада өткен «Кеден одағы: бірінші жыл қорытындылары. БЭК жолында» атты халықаралық конференция барысында ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов айтты.

Оның атап өтуінше, еліміз Кеден одағының құрылуынан мейлінше мол пайда көруге және барынша жоғары дивиденттер алуға зор маңыз береді. Осыған орай идустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қабылданып отыр.

«Біз тарифтік және тарифтік емес кедергілер бар бірыңғай кедендік аумақты біржақты түсінеміз және үш елдің кәсіпорындары бәсекелестікті күшейтуі керек. Бұл оң құбылыс, өйткені біз жаһандық ауқымдағы бәсекеге қабілетті болуымыз керек», - деді Т.Сүлейменов.