деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарашаның 27-сінде Минскіде үш Мемлекеттің басшысы Кеден одағын құру туралы келісімге қол қойды. Келесі жылғы шілденің 1-інен бастап Одақ аясында кедендік шекара болмайды. Бұл бір жағынан еліміздің тауар өндірушілеріне шекара маңындағы жақын аудандарға өз тауарларын экспорттауға үлкен мүмкіндік тудырады. Екінші жағынан, Кеден одағы аясындағы біздің әріптестеріміздің туар өндірушілеріне де осындай мүмкіндік кеңінен болады. Сондықтан да бұл бағытта бізге ең қажетті өз тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр», деді К. Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, осы мақсатта мемлекеттің, үкімет пен барлық мемлекеттік орган қызметкерлерінің басты міндеті мен рөлі тауар өндірушілерге жәрдемдесіп, қазақстандық тауар бағасын төмендету болып табылады.