деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасы ең алдымен лаңкестіктің алдын алуға бағытталып, толығымен ұлттық мүддеге жауап беруі шарт. Сондықтан да, заң жобасы арқылы сырттан келетін қауіптерге қарсы тұруға басымдық берілуі тиіс. Мәселен, біз Кеден одағын құрып жатырмыз. Одақ аясында экономикалық шекарамыздан бөлек, басқа да әрекеттерге - капиталдардың ағылуына, еңбек күшінің алмасуына және басқа шараларға жол ашылатыны белгілі. Ал бүгінгі Ресейде екі күннің бірінде лаңкестік әрекеттер қылаң беретіні жасырын емес. Ендеше, Кедендік одақ аясында мықты шекара болмаса, онда жаңағыдай ауысулардың салдары қандай болатынын түсіну де қиын емес», деді сенатор. Оның айтуынша, Ресеймен арада 67 кедендік бекет бар. Бұлардың барлығында шекаралық қырағылық қамтылмаған.
«Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Көршілес қырғыз елі ДСҰ-ға кірді, шекарасын айқара ашты, сапырылыс басталып кетті. Сол секілді Қазақстан үшін шекара мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ. Сондықтан да, сыртқы қауіптердің елімізге ағылуының алдын алу аса қажет», деді Ғ. Қасымов.