Кездесу қорытындысы бойынша бірыңғай кедендік саясат, табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестік ережесі бағытында бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
«Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру бойынша жұмыстардың барысын талқылайды. Еуразиялық интеграциялық құрылымдарға Қырғызстан мен Арменияның қосылуы тұрғысында «жол карталарын» даярлау мен жүзеге асыру мәселелері қаралады», - делінген РФ президенті әкімшілігінің хабарламасында.