Кеден одағы елдерінің бірлескен кәсіпорындары әлемдік экономикаға серпін бере алады - К.Мәсімов

НКТ-ПЕТЕРБОР. 19 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Кеден одағы елдерінің бірлескен кәсіпорындары әлемде бәсекеге қабілетті бола алады.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда Кеден одағы елдері үкімет басшыларының баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

«Бірлескен жобаларды, мысалға, атом энергетикасындағы жобаларды жүзеге асыру осы компаниялардың әлемде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Әлемдік экономикада барлығына серпін беруге мүмкіндік пайда болады», - деп атап өтті К.Мәсімов.

Трансұлттық, соның ішінде газ саласындағы трансұлттық компанияларды құру Орталық Азия мен Еуропада үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Кеден одағы елдері үшін ғарыш саласы мен ауыл шаруашылығы саласы ынтымақтастықтың дәстүрлі салалары ретінде қалады.