Кеден одағына кіретін елдердің басшылары үш елдің Бірыңғай экономикалық кеңістік халықаралық келісім-шарты пакетінің 2012 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енуіне байланысты еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның көкейкесті мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Кездесудің күн тәртібінде Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Кеден одағы қызметінің көкейкесті мәселелері тұр.
12:30, 12 Қараша 2011
Кеден Одағы елдерінің көшбасшылары 18 қараша күні интеграция мәселелерін талқылайды
ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Ресей президенті Дмитрий Медведев, Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 18 қарашасында Мәскеуде келіссөздер өткізеді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды РБК.