Кеден одағы елдерінің үкіметтері мен Жаңа Зеландия үкіметінің мүшелері еркін сауда кеңістігі (ЕСК) туралы келіссөздерді бастауға дайын

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Эльвира Набиуллина, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова,

Беларус Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Мартынов және Жаңа Зеландияның Сауда министрі Хон Тим Гроссер бәрін қамтушы және заманауи еркін сауда кеңістігі (ЕСК) туралы келіссөздерді бастауға әзірлігі туралы келісті, деп хабарлайды ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеден одағы елдері Ресей, Қазақстан және Беларус ЕСК бойынша толыққанды келіссөздерді өткізуге алғаш кірісті. Аталған оқиға Кеден одағын дамытуда және оның халықаралық саудаға және экономикалық жүйеге бірігуінде маңызды қадам болып отыр. Аталған Еркін сауда кеңістігі ерекше маңызға ие болмақ, себебі, бұл төрт елге азиялық-тынық мұхит экономикалық сәулетінің қарқынды және тез дамушы мемлекеттерінің экономикалық интеграциялық үрдістеріне қосылуға және олардың маңызды элементіне айналуға мүмкіндік береді.

Министрлер 2010 жылғы 5 қазанда төрт елдің сарапшылары әзірлеген ЕСК туралы бірлескен баяндаманы мақұлдады және лауазымды тұлғаларға келіссөздерді бастауға және баяндамаға сәйкес 2011 жылдың аяғына қарай келісімге қол қоюға тапсырма берді.