Кеден одағы Қазақстанның тауар айналымын 30 пайызға арттырды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Кеден одағы  Қазақстанның  тауар айналымын 30 пайызға арттырды, оның едәуір бөлігі тау-кен металлургия саласына тиесілі,

деп хабарлайды Ресей тауар өндірушелер одағының төрағасы Олег Сосковец pm.kz сайтына берген сұхбатында.

 «Бүгінгі күні кедендік одаққа енуге байланысты Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы 25-30 пайзға артып отыр.  Мұнда металлургия тауар айналымының осындай ұлғаюына  алып келетін негізгі сала болып табылады», - дейді О.Сосковец.

Ресей тауар өндірушілер одағы төрағасының айтуынша,  2015 жылға қарай Кеден одағы пен Бірыңғай экономикалық  кеңістік базасындағы  тауар  айналымы 400 млрд  долларға  дейін  артады.

Сонымен қатар оның пайымынша, тау-кен металлургия индустриясы базалық әрі Қазақстан экономикасын құрушы сала болып табылады.

«Тау-кен металлургия саласы басқа да салалармен бірлесіп мемлекет экономикасын құрайтын негізгі сала ретінде тауар айналымын анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады сөзін О.Сосковец.