Кеден одағы Комиссиясының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдерге қатысты шешімі күшіне енді
2011 жылғы 15 желтоқсанда Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №888 шешімі күшіне енді. Онда Кеден одағы мүшелерінің Тараптары берген санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды) қолданысы мерзімін 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту көзделген.
Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттардың қолданысы «егер өзгесі оны қолдану туралы Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленбесе, тиісті техникалық регламенттер күшіне енгенге дейін» ұзартылды.
Осылайша, Кеден одағының кедендік аумағында (мемлекеттік тіркеуге жататын) Тауарлардың бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне енгізілген бақылаудағы тауарларды әкелу үшін Тараптардың уәкілетті органдары берген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктен басқа, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын берілген құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды) негіз болып табылады. Осы құжаттар Тараптардың уәкілетті органдары ресімдеген және Кеден одағының санитарлық шаралар жөніндегі келісімі күшіне енгенге дейін берілген өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайды және оларды берген Тараптардың аумағында ғана қолданыста болады.
Бұл құжаттар оларда көрсетілген мерзімдер шегінде, бірақ егер өзгесі оны қолдану туралы Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленбесе, тиісті техникалық регламенттер күшіне енгеннен бастап кешіктірмей қолданылады.
Соған байланысты, техникалық регламенттер күшіне енгенге дейін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын және Тауарлардың (өнімнің) бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне енгізілген өнімге 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін рұқсат ету құжаттары берілген тауарларды қайта тіркеу жүргізу қажет.
Анықтама үшін: 2011 жылғы 21 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мемлекеттік тіркеу туралы 18 125 куәлік берді.